KZNews.kz
Жаңалықтар

Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды

Фото: Қуат Ақшабаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаевты аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұстаған.

Ашық дереккөздердегі ақпаратқа сәйкес, Іле ауданы әкімінің орынбасары Қуат Ақшабаев 28 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген. Алайда, кейбір деректерде шенеунік өзінің заңсыз қызмет көрсеткені үшін 323 миллион теңге шамасында сыйақы дәметкені айтылады. Ал ресми орган параның нақты мөлшерін ашық растамай отыр.

Анығы, қазір экс-шенеунікке қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр екен. Бүгін Іле ауданы әкімінің ресми сайтындағы басшылық тізімінен Қуат Ақшабаевтың аты-жөні алынып тасталды. Ол бұл лауазымды қызметке 2025 жылдың ақпан айында тағайындалған болатын.

Айтпақшы, былтырғы желтоқсан айында осы Іле ауданының бұрынғы әкімі Бағдат Қарасаев сот үкімімен қызмет бабын асыра пайдаланып, мемлекет қаржысын талан-таражға салғаны үшін кінәлі деп танылып 3 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған еді...

Қалмаханбет Мұқаметқали
Автордың басқа материалдары