KZNews.kz
Шоу-бизнес

Алматы маңындағы ұшақ апатының негізгі себебі айтылды

KZNEWS

Алматы маңында құлаған әскери ұшақтың апатқа ұшырауының үш негізгі себебі қарастырылуда. Бұл туралы "Алматы" телеарнасы хабарлады.

Алматыдағы ұшақтың құлауына ауа-райы, техникалық ақаулар және адам факторы себеп болуы мүмкін.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтап жатыр.

ҰҚК Авиациялық қызметіне тиесілі Ан-26 әскери ұшағы 13 наурызда апатқа ұшырады. Ұшақ Нұр-Сұлтан - Алматы бағытында рейс орындаған.

Ұшақ радардан жергілікті уақыт бойынша 17.20-да жоғалып, шамамен екі минуттан кейін апатқа ұшырады.

Бортта алты адам болған. Олардың төртеуі сол жерде қайтыс болды. Қайтыс болғандар: аға лейтенант Баймұратов Досжан - 43 жаста, сержант Евгений Васильков - 34 жаста, лейтенант Сағынбаев Мұхтар - 26 жаста, майор Барлықбаев Ғабит - 34 жаста.

Тек екеуі ғана аман қалды, әскери қызметшілер оқиға орнынан жедел түрде 4-қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, мұнда жетекші травматологтар мен реаниматологтар жұмысқа кірісті. Қазіргі уақытта науқастар жансақтау бөлімінде, жағдайы ауыр. Барлық қажетті көмек толық көлемде көрсетіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұшақ апатынан қазақ тапқандардың отбасына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы апаттың себептерін тергеуді тапсырды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары