Қоғам

Алматы маңындағы тауда жоғалып кеткен 18 жастағы студент өлі табылды

Алматы маңындағы тауда жоғалып кеткен 18 жастағы студент өлі табылды

Алматы маңындағы тауларда жоғалып кеткен студент өлі табылды. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді, деп хабарлайды Kznews.kz

«Қаза тапқан.Табылды. Туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», - делінген еріктілердің хабарламасында.

Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалып кеткен жас жігіттің қаза тапқанын растады.

«Денесінде зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен еді. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалында тіркелген. Іздеу жұмыстарына 40-тан астам адам қатысқан: Алматының құтқару қызметінің (109) мамандары, республикалық жедел-құтқару жасағы, ТЖД, шекара қызметі, полиция және еріктілер. Сондай-ақ, іздеу жұмыстарына авиация, кинологтар мен дрондар да жұмылдырылған.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz