Алматыдағы Дулати көшесінде, мешіт маңында жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан көліктердің бірі аударылып қалған, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқиға орнынан түсірілген видео әлеуметтік желіде таралып, көпшіліктің назарын аударды. Жол апаты 24 наурыз күні түстен кейін болған.
Кадрларда екі жедел жәрдем көлігі мен патрульдік полиция автокөлігі көрінеді. Аударылған жол талғамайтын көлік кейін қайтадан дөңгелегіне тұрғызылған.