Еріктілер Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы – Бішкек тас жолының бойынан табылған кішкентай қыздың анасы мен өзге де жақындарын іздеп жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Lider.kz еріктілер қозғалысының мәліметінше, сәби 2025 жылғы 24 қазанда күндіз тас жолдың бойынан табылған. Өтіп бара жатқан адамдар баланы байқап, бірден полицияға хабар берген.
Болжам бойынша, қыз бала табылған кезде шамамен 7-8 айлық болған. Оның үстінде ақ-қызғылт түсті комбинезон, басында қызғылт баскиім болған.
Қазіргі уақытта сәбидің ата-анасы немесе туыстары туралы ақпарат іздестіріліп жатыр. Еріктілер қандай да бір мәліметі бар азаматтарды Instagram желісіндегі парақшаға жазуға немесе 102 нөміріне хабарласуға шақырды.