Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы базарындағы өрт кезінде 7 дүңгіршек жанып кетті

Алматы базарындағы өрт кезінде 7 дүңгіршек жанып кетті

2018 жылғы 4 желтоқсан 15:13 211

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Самал» базарының сауда дүңгіршектерінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«4 желтоқсан, күндізгі сағат 13:03-те Алматы қалалық 101 диспетчерлік қызметіне Жетісу ауданы, Солтүстік шеңберде орналасқан «Самал» базарындағы «Сабыржан» супермаркетіне жапсарлас салынған сауда орындарының өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Белгілі болғандай, тілсіз жау 150 шаршы метр аумақты жарамсыз еткен. Өрт түскі 14:01-де ауыздықталып, 14:18-де сөндірілді. Төтенше жағдайдан ешкім зардап шеккен жоқ. Бірақ, өрттен 9 дүңгіршек жарамсыз болып қалды. Оның ішінде 7 дүңгіршек түгі қалмай өртеніп кетті», - деді қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, төтенше жағдаймен күресуге 63 адам, 17 техника жұмылдырылған.

 Айта кету керек, бүгін түнде Алматы облысындағы «Ащыбұлақ» құрылыс базарында 43 контейнер жанып кеткен болатын.

Автор
Арман