«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматы базарында сатушылардың не үшін төбелескені белгілі болды

Алматы базарында сатушылардың не үшін төбелескені белгілі болды

Атышулы төбелеске бүлінген аяқ-киім түрткі болған

АЛМАТЫ, 7 сәуір - Sputnik. Алматы базарларының бірінде болған төбелестің мән-жайы белгілі болды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полицейлердің айтуынша, ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігі бойынша іс қозғалған, ұсталғандар бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылыпты.

"Ұсталғандар базарда аяқ-киім сатумен айналысады. Олардан жауап алу кезінде төбелеске тұрмыстық дау-дамай себеп болғаны анықталды. Сатушылардың бірі екіншісіне тауарды (аяқ киім) бүлінген күйде қайтарыпты. Олар алдымен ұрсысып қалады да, кикілжің артынша төбелеске ұласқан. Құқықбұзушылар ұсталып, аудандық ішкі істер басқармасына жеткізілді", - деп мәлімет берді Алматы қалалысының полиция департаменті.

Еске сала кетсек, 6 сәуірде таңертең Алатау ауданындағы базарлардың бірінде болған төбелестің видеосы әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын.


sputniknews.kz
Автор
Мадияр