KZNEWS.KZ
Қоғам

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді (видео)

Айгерім Асылова

Алматы әуежайында ер адам өзін өртеп жіберді. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан ер адамның әуежай кеңселерінің бірінде өзін өртеп жібергенін көруге болады. Оқиға орнындағы полицейлер өртті жедел сөндірген. 

Зардап шеккен ер адам ауруханаға жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мұндай әрекетке баруына азаматтық некедегі әйелімен жанжалдасуы себеп болған.

 
Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →