Алматыда биыл тұрғын үйлердің қасбетінауқымды жаңарту жоспарланып отыр. Қала әкімдігінің мәліметінше, негізгі мақсат – ғимараттардың тарихи келбетін сақтай отырып, олардың сыртқы көрінісін заман талабына сайжаңғырту, деп хабарлайды kznews.kz.
«Алматыбасжоспар» компаниясының бас директоры, сәулетші Асхат Сәдуовтың айтуынша, бағдарлама қалалық ортаның сәулеттік келбетінжақсартумен қатар, үйлердің пайдалану сапасынарттыруға бағытталған. Атап айтқанда, жылужәне дыбыс оқшаулауын күшейту, сондай-ақылғалдан қорғау мәселелері қамтылады.
«Ең алдымен бағдарламаға өткен ғасырдың 1950-жылдарының соңында салынған, қасбеті тозған үйлер енгізіледі. Нысандарды іріктеуде олардың орналасу орны да маңызды – қаланың сәулеттік келбетін айқындайтын негізгі магистраль көшелер бойындағы ғимараттарға басымдық беріледі. Жобалық шешімдер әзірлеу барысында тарихи орта мен қалыптасқан сәулеттік ансамбль ерекшеліктері жан-жақты ескеріледі», – деді ол.

«Әрбір нысанда жұмыс басталар алдында тұрғындармен міндетті түрде кездесулер өткізіледі. Онда жұмыс кестесі талқыланып, ұйымдастыру мәселелері шешіліп, тұрғындардың ұсыныс-пікірі ескеріледі. Қорытынды жобалық шешімдер меншік иелерінің пікірін ескере отырып қабылданады. Тұрғындардықұлақтандырудың негізгі тәсілі – жұмыс басталар алдындағы тікелей кездесулер, онда жобаның барлық кезеңі егжей-тегжейлі түсіндіріліп, тұрғындардың ұсынысы қарастырылады», - деді Алмалы ауданының әкімі Арман Шәмшин.

«Материалдардың эстетикалық сипаты мен ғимараттың сәулеттік келбетімен үйлесімі де мұқият сараланады. Қаптау жұмыстарынамикрокеуекті құрылымы бар тас пайдаланылады. Мұндай материал қабырғалардың табиғижелдетілуін қамтамасыз етіп, ылғалдыңжиналуына және көгерудің пайда болуына жолбермейді, сонымен қатар жоғары деңгейде жылужәне дыбыс оқшаулау қасиетіне ие. Жұмыстыңсоңғы кезеңінде қасбетке гидрофобты өңдеужүргізіліп, ол жауын-шашыннан қорғап, қызметету мерзімін едәуір ұзартады», – деді ДәуренАғзымов.

«Бұл нәтижелер атқарылғанжұмыстардың жоғары сапасын және қолданылғантехнологиялық шешімдердің тиімділігін айқынкөрсетті. Ең бастысы, барлық жұмыс ПИК немесеМИБ қаражаты есебінен емес, қала бюджетіесебінен жүзеге асырылды», – деді ол.
Қасбеті жаңартылған үйлердің тұрғындарыжұмысты оң бағалап отыр.
«Қала айтарлықтайжаңарып келеді, қасбеттер ұқыпты, көшелеркөрікті әрі үйлесімді бола түсті. Бұл әсіресе,орталық көшелерде айқын байқалады», – дедіалматылық Тұрар Рахымберлин.
