Қаржы саясаты мен несие "ноу-хауы": халық кедей, банктер бай...
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Алладиндей ұшырайын деді ме": Сәкен Майғазиевтің келіні кілемде отырып ұзатылды (видео)

"Алладиндей ұшырайын деді ме": Сәкен Майғазиевтің келіні кілемде отырып ұзатылды (видео)

Әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет қалыңдығын Ақтаудан Алматыға ұзатып әкелді. Алайда қалыңдықтың кілемге отырып ұзатылғаны желіде қызу талқыға түсті. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қалыңдық туғандарымен қоштасып болған соң ақ кілемге жайғасты. Кілемнің төрт жағынан төрт жігіт ұстап, көтеріп, қалыңдықты көлікке дейін шығарып салды.

Жас келіннің кілемге отырып, ұясынан ұшқанын бірі жаман ырым деп топшыласа, енді бірі мұндай салттың жоғын айтып, жарысты. 

“Келінді Алладиндей ұшырайын деді ме”, “Жасым 65-те, мұндайды бірінші рет көріп тұрмын. Екі жас қол ұстасып шықса керемет болар еді”, “Жаман ырым сияқты. Адам қайты болғанда кілемге орап, төрт адам көтермей ме?”, “О заманда, бұ заман, тірі адамды кілемге отырығызып шығарғаны несі”, “Оңаш көрінеді екен”, – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирде өткізетінін айтқан еді. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.