KZNews.kz
Жаңалықтар

"Алла алдынан жарылқасын": Мұхтар Ниязов ақын Ринат Зайытқа басу айтты

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

Танымал айтыскер ақын Мұхтар Ниязов желідегі парақшасында жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Әкемнің аты – Рифхат, өзімнің атым – Ринат, шешемнің аты – Роза,
Өмірімді сұрасаң , тұнып тұрған проза", – деп еді Рекең бір айтыста. Бүгін досымыздың сол анасы, Роза апамыздың өмірден өткені туралы жайсыз хабар жетті. Ананың орнын ешкім толтыра алмайды, бірақ тағдырлық іске қайран жоқ, болған іске болаттай болғайсың , бауырым! Алла алдынан жарылқасын!" – деп жазды Мұхтар Ниязов.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары