KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әлішер Кәрімов қашан үйленетінін жария етті

Ayzhan Sylanova
Фото: ғаламтордан

Танымал әнші Әлішер Кәрімов жеке өміріне қатысты маңызды жаңалығын жариялады. Өнер иесі жақын арада үйленетінін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Әншінің айтуынша, бұл шешім саналы түрде қабылданған. Ол ата-анасына берген уәдесін орындауға дайын екенін жеткізді.

«Менің уақытым келді, үйленгім келеді. Әке-шешеме уәде бергенмін. Халық әртісі атағын алған соң үйленемін деп уәде еттім. Енді үйлену керек», – деді Әлішер Кәрімов.

Бұл жаңалық әншінің тыңдармандары мен жанкүйерлері арасында жылы қабылданып, әлеуметтік желіде оған ақ тілектер мен құттықтаулар жазылуда.

Айта кетейік, Әлішер Кәрімов осы уақытқа дейін жеке өмірін көпшілік назарынан тыс ұстауға тырысқан. Сол себепті оның үйлену туралы мәлімдемесі қоғамда қызу талқыланып отыр.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары