Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO титулы үшін жекпе-жегі британдық бокс жұлдыздары Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы кездесудің андеркардында өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz
Алайда әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.
"Мен біздің жекпе-жек Джошуа - Фьюри кездесуінің андеркардында өтеді деп ойлағанмын. Бірақ әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Мен жаңалық күтіп жүрмін", - деп жазды Әлімханұлы.
Сондай-ақ Әлімханұлы титулдық жекпе-жегін Нью-Йоркте (АҚШ) өткізгісі келетінін, өйткені ол жақта қазақстандық жанкүйерлердің көп екенін атап өтті.
"Егер промоутерім жекпе-жек ұйымдастырса, мен оны Нью-Йоркте өткізгім келеді, өйткені онда менің Қазақстаннан келген жанкүйерім өте көп", - деп толықтырды қазақстандық боксшы.
Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі
Еске сала кетейік, бұған дейін жеңілмеген қазақстандық боксшы британдық Хамза Ширазға қарсы шығуы тиіс болатын. Боксшылардың өкілдері сауда-саттық өткізгенімен, кейінірек Шираз жекпе-жектен бас тартып, титулды бос қалдырды.
Енді WBO қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында міндетті титулдық жекпе-жек белгіледі.