“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлімханұлы жаңа салмақтағы WBO титулы үшін өтетін жекпе-жектің мән-жайын ашты

Әлімханұлы жаңа салмақтағы WBO титулы үшін өтетін жекпе-жектің мән-жайын ашты
фото: ашық дереккөз

Жеңілмеген қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Якоб Банкке қарсы WBO белбеуі үшін өтетін титулдық жекпе-жек туралы пікір білдірді

Жәнібек Әлімханұлы өзінің әлеуметтік желілерінде WBO титулы үшін жекпе-жегі британдық бокс жұлдыздары Энтони Джошуа мен Тайсон Фьюри арасындағы кездесудің андеркардында өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Алайда әзірге бұл ақпарат ресми расталған жоқ.

"Мен біздің жекпе-жек Джошуа - Фьюри кездесуінің андеркардында өтеді деп ойлағанмын. Бірақ әзірге ешқандай жаңалық жоқ. Мен жаңалық күтіп жүрмін", - деп жазды Әлімханұлы.

Сондай-ақ Әлімханұлы титулдық жекпе-жегін Нью-Йоркте (АҚШ) өткізгісі келетінін, өйткені ол жақта қазақстандық жанкүйерлердің көп екенін атап өтті.

"Егер промоутерім жекпе-жек ұйымдастырса, мен оны Нью-Йоркте өткізгім келеді, өйткені онда менің Қазақстаннан келген жанкүйерім өте көп", - деп толықтырды қазақстандық боксшы.

Әлімханұлының WBO титулы үшін жекпе-жегі

Еске сала кетейік, бұған дейін жеңілмеген қазақстандық боксшы британдық Хамза Ширазға қарсы шығуы тиіс болатын. Боксшылардың өкілдері сауда-саттық өткізгенімен, кейінірек Шираз жекпе-жектен бас тартып, титулды бос қалдырды.

Енді WBO қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы мен даниялық Якоб Банк арасында міндетті титулдық жекпе-жек белгіледі.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.