KZNews.kz
Жаңалықтар

"Әлия Молдағұлова – әнші": Мәһрге үй мен лексус сұраған қыз жұрттың ашуын туғызды (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
kznews.kz коллажы

"Сезім бағы" телебағдарламасының бір бөлімінде болған күтпеген жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағдарлама барысында қатысушыларға арналған арнайы сауалнама ұйымдастырылған. Кезек Аяулым есімді қызға келгенде, оған: "Әлия Молдағұлова кім?" деген сұрақ қойылады. Қатысушы сәл ойланып тұрып, "Әнші" деп жауап берген.

Бұл жауап көпшіліктің ашуын туғызып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды. Кейбірі жағдайды әзілге айналдырса, енді бірі мұны білімсіздіктің көрінісі деп бағалап, қынжылысын жасырмады.

"Лексус сұрағанша, ми сұраңдар", "Мұнда күлу емес, жылау керек", "Ұят-ай, мектепте не оқыған", – деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова – Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан, Кеңес Одағының Батыры, қазақтың қаһарман қызы. Оның есімімен еліміздің көптеген қалаларында көшелер, мектептер аталып, ескерткіштер орнатылған.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары