Желідегі оқырманды Роза Рымбаеваның немеесінің зеректігі таңғалдырды. Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай инстаграмм парақшаларына ұлдары Зейіннің видеосын жариялады.
"Қазақстанның туын қай жерде де бірінші көріп қояды", - деп жазды олар.
Бір қызығы Зейіннің әлем картасы мен туларының арасынан Қазақстанның байрағын жазбай танығаны елді таңғалдырды. Оқырманлар баланың болашағынан мол үміт күтетінін жазып, оның бұл ерекше қабілетін жоғары бағалады.