Әл-Фарабидегі 3 адамның өліміне әкелген жол апаты: прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға соттауды сұрады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алғашқы әрі жалғыз ауған ғарышкері өмірден өтті

Алғашқы әрі жалғыз ауған ғарышкері өмірден өтті
ТАСС/Бабушкин А., Пушкарев Альберт

Ауғанстанның алғашқы ғарышкері Абдул Ахад Моманд 68 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол 1959 жылы 1 қаңтарда Ауғанстанның Ғазни провинциясындағы Сарда елді мекенінде туған. Кеңес Одағында ұшқыш мамандығын меңгерген Моманд кейін Ауғанстан әскери-әуе күштерінде қызмет етті.

1988 жылы ол "Интеркосмос" бағдарламасы аясында "Союз ТМ-6" ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. Абдул Ахад Моманд "Мир" орбиталық станциясында болып, ғарышта 8 тәулік 20 сағат 26 минут өткізді.

Осы сапарынан кейін ол ғарышқа ұшқан алғашқы әрі бүгінге дейін жалғыз ауған азаматы ретінде тарихта қалды. Орбитада ғылыми тәжірибелер жүргізіп, Ауғанстан аумағын ғарыштан суретке түсірді.

Моманд тарихта Құранды ғарышқа алып шыққан алғашқы адам ретінде де аталады. Сонымен қатар Жермен байланыс кезінде пушту тілінде сөйлеп, бұл тілдің орбитада алғаш естілуіне себеп болды.

Ғарыштық миссияны сәтті орындағаны үшін Абдул Ахад Моманд Кеңес Одағының Батыры атағын алып, Ленин орденімен марапатталды. Өз елінде оған Ауғанстан Демократиялық Республикасының Батыры атағы берілді. Кейін Германияға қоныс аударып, өмірінің соңына дейін сонда тұрды.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер