Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алғашқы миллиардер футболшының есімі белгілі болды

Алғашқы миллиардер футболшының есімі белгілі болды
Фото: shutterstock.com

Роналду биыл Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубымен келісімшартын ұзартқан. Жаңа келісімнің жалпы құны 400 миллион долларды құрайды. Бұл сомаға оның жалақысы, жарнамалық табыстары және түрлі коммерциялық серіктестіктері кіреді.

Bloomberg агенттігінің мәліметінше, Роналдудың байлығының артуына Armani, Nike секілді әлемдік брендтермен ұзақ мерзімді серіктестігі мен әлеуметтік желідегі жоғары танымалдығы үлкен әсер еткен. Instagram желісінде оның аудиториясы 600 миллионнан асады — бұл да жарнамалық табыстың негізгі көзіне айналып отыр.

Қазіргі уақытта 40 жастағы шабуылшы халықаралық футбол тарихында ең көп гол соққан ойыншы мәртебесіне ие: ол 223 ресми матчта 141 гол соққан. Спортшының өзі мансабын аяқтауға асығар емес.

«Жақындарым маған: “Бәрін істедің, жетеді ғой. Тағы не керек?” — дейді. Бірақ мен тоқтағым келмейді. Әлі де клубыма және ұлттық құрамама пайда тигізіп жатырмын. Неліктен жалғастырмасқа?» — деді Роналду Canal 11 арнасына берген сұхбатында.

Криштиану Роналду — бес дүркін “Алтын доп” иегері және бірнеше мәрте Portugal Football Globesсыйлығының лауреаты. Ол спорт тарихында тек алаңдағы жетістігімен ғана емес, табысты инвестициялары және кәсіпкерлік белсенділігімен де үлгі бола білді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.