Уақыт өткен сайын кейбір ойларым өзгере бастады. Қыздық перденің болуы мені еш бағалай алмайтынын түсіндім. Жасым 25-ке толғанда моральдық тұрғыда дайындалып, жігітіммен жыныстық қатынасқа түстім. Жігітіме бірден ашыла алмадым, сондықтан алдымен қасында төрт түн түнедім. Мен мұны қалайтыныма, шынымен дайын екеніме көз жеткізгім келді.Мұндай шешім қабылдағаныма өкінемін бе? Жоқ. Қатынасқа түспестен бұрын маған үйленемін деп уәде берді ме? Жоқ. Өзімді құрметтеймін бе? Иә. Екі тамшы қанның айналасында түсініспеушіліктің болуын түсінбеймін. Қызыма тұрмыс құрмайынша секспен айналыспа деймін бе? Жоқ. Оған тұлға ретінде дамы, тәуелсіз, рухты бол деймін.
Ата-аналар балаларымен гормоналды жетілу және жыныстық қатынас туралы ашық сөйлесуі керек. Ата-аналарға арналған шеберлік сабақтарында қазіргі аналар мен әкелер де балаларына негізгі ақпарат бермейтінін анықтадым. Секс тақырыбы бізде әлі тыйым салынған. Бұл атын атауға болмайтын Волан-де-Морт сияқты. Ерте ме, кеш пе балалар бұл тақырыпқа қызығушылық таныта бастайды. Порнография көреді немесе біреуден бұрмаланған ақпарат алады. Баланың ойында жыныстық қатынас — арам, лас, ұят нәрсе деген түсінік қалыптасады.Ата-аналар өздігінен білім алуы керек, кітап оқып, баламен физикалық өзгерістер, контрацепция әдістері туралы қалай сөйлесуге болатынын білуі тиіс. Адамда жыныстық сауаттың жоғынан алғаш секс асығыс, қорғалмаған болады және денсаулық пен психикада проблемалар тудырады. Егер ата-анаңыз сізге маңызды білім бермеген болса, онда бәрін өзіңіз зерттеуіңіз керек.
Алғаш жыныстық қатынасқа түсуге арналған қолайлы жас жоқ. «О, мен 25-ке толдым, сондықтан уақыт келді» деген нәрсе жоқ. Жаныңызда сенімді адам болуы тиіс. Асықпаңыз, жыныстық қатынасқа түсіп үлгересіз. Алдымен өзіңіз қалайтын адамды таңдау керек. Оның үстіне, әркімнің моральдық және физиологиялық жетілуі әртүрлі.
Гормондар туралы білу керек. Мүмкін сіз әлі толық дайын емес шығарсыз? Бірақ гормоныңыз «ойнауы» мүмкін. Мұндай жағдайда көңіліңізді басқа нәрсеге ауыстырыңыз. Ваннаға су толтырып жатыңыз немесе массаждан рахаттаныңыз.
Қоғамның немесе жігітіңнің қысымына көнбеңіз. Өзіңізді, қалауыңызды түсіну маңызды. Өзіңіз үшін жыныстық қатынасқа деген көзқарасыңызды, сізге қандай серік керегін анықтап алуыңыз қажет. Жыныстық қатынасқа қаншалықты дайын екеніңізді достарыңыз, жігітіңіз немесе ата-анаңыз емес, тек сіз білесіз.
Серігіңмен сенімді қарым-қатынаста болу. Жігітіңіз сыпайы, мұқият болуы керек, ал сіз секс кезінде көңіліңіздегі нәрсені бірден айтуыңыз керек.
Алғаш жыныстық қатынас сіз елестеткендей болмауы мүмкін. Бұл — норма. Ол үшін уақыт және тәжірибе қажет. Алғаш секс әртүрлі: керемет немесе жаман болуы мүмкін.
Бақытты болудың үлгісін қоғам, ата-ана таңып береді. Тұрмысқа «пәк» болып шықсаң бірден балалы боласыңдар, сол кезде ғана бақытты боласың. Ал олай болмаса, сен бүлінгенсің. Алайда, әркімнің маңдайына әртүрлі тағдыр жазылған, әркімнің бақытқа таласы бар. Бұрын тұрмыс құрғанға дейін «пәк» болмағаның үшін қоғам тарапынан қудалау болғаны рас. Ол кезде бұл өліммен тең, себебі адам жалғыз өзі күн көре алмайтын еді. Ал қазір қоғам пікіріне қарамай, өзіңді дамытумен айналысуыңа болады. Өзіңізді алдамаңыз, қателесуіңізге мүмкіндік беріңіз. Бұл өмір ғой, ол мінсіз бола алмайды.
Darmed орталығының гинеколог-маманы
Бірінші жыныстық қатынас үшін жіті дайындық қажет: екі серіктестің жақсылап ойланып қабылдаған нақты шешімі және контрацептивтер. Қорғалмаған жыныстық қатынастан кейінгі жағдайдың өрбуінің төрт жолы бар:
Ештеңе болмайды;
сіз жүкті боласыз;
сіз инфекция жұқтырасыз;
осы нұсқалардың қосындысы: жүктілік және инфекция.Адамдардың көбі жыныстық қатынасқа алғаш түскен кезде HPV (адам папиллома вирусы) жұқтырады. Өкінішке қарай, мен акушерлік және гинекология саласында жұмыс істеген кезімде жыныстық қатынасқа презервативсіз түскісі келгендіктен тексерілуге келген жұпты көргенім жоқ. Көбіне жігіт қыздың денсаулығында белгілі бір проблемалар тудыратын инфекцияның таратушысы болуы мүмкін.
Бірінші жыныстық қатынас үшін қолайлы жас жоқ. Басты өлшем — психологиялық және физиологиялық дайындық. Біздің елімізде алғаш жыныстық қатынасқа түсудің орташа жасы — 15-16 жас.Алғашқы жыныстық қатынас кезінде ауырсыну деңгейі — субъектив құбылыс. Біреу үшін қатты ауырса, ал басқасы үшін алғаш секс жайлы өтуі мүмкін. Ең бастысы — көңіл-күй. Жігіті көңіл бөліп, жеткілікті түрде қозса, қыздардың көбі ауырсынуды сезбейді. Кейбір жағдайларда аздап ауырсыну сезінуі мүмкін. Оргазм да дәл солай. Егер қыз қысылып, босаңси алмай, бұлшық еттерін қатайтып жіберсе ешқандай оргазм ала алмайды. Сондықтан, жыныстық қатынас ауыртпалықсыз және жағымды болуы үшін алдын-ала аймаласу қажет.
Көбіне қыздық перде жай созылып кетеді, сондықтан қан болмауы мүмкін
Алғашқы қарым-қатынас кезінде қыздық перде радиалды түрде жыртылуы мүмкін, сондықтан секстен соң қан шығады. Кейде қыздық перде жай созылып кетеді, сондықтан қан болмауы мүмкін. Бұл — норма. Біздің орталықтың инстаграмына жігіттер «Алғаш жыныстық қатынас кезінде қызда қан болмағанын, алайда қыз өзін «пәкпін» деп айтады, бұлай болуы мүмкін бе?» деп сұрайды. «Бұл — жиі кездесетін, қалыпты құбылыс» деп жауап береміз.Сондай-ақ қыздар алғаш жыныстық қатынастан соң екінші рет қай кезде секспен айналысуға болатынын сұрайды. Алдымен хал-жағдайыңа қарау керек. Егер алғаш түні ауырсыну сезінсеңіз, толығымен сауығуды күткен дұрыс. Егер сіз де, жігітіңіз де өзін жақсы сезінсе және ең бастысы секспен қайтадан айналысқыңыз келсе, онда денсаулыққа еш қауіп жоқ.
Дереккөзі: the-village-kz.com