KZNews.kz
Экономика

Әлемнің ең ірі 50 экономикасы: The Economist Қазақстанды алпауыттардың қатарына қосты

Асқар Алтайұлы
Фотоиллюстрация: Kznews

The Economist дерегіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстан жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) көлемі бойынша әлемнің ең ірі 50 экономикасының қатарына кірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Бағалауға сәйкес, елдің ЖІӨ көлемі шамамен 320 млрд долларды құрайды. Осы көрсеткіш Қазақстанды тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан мемлекеттердің қатарына қосып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай нәтижеге экономиканың әлемдік орташа деңгейден жоғары қарқынмен өсуі, өнеркәсіп пен өңдеу саласының кеңеюі, сондай-ақ Қазақстанның Азия мен Еуропа арасындағы транзиттік және инвестициялық хаб ретіндегі рөлінің күшеюі ықпал еткен.

Сонымен қатар, соңғы жылдары жоғары технологиялық жобалар мен өңдеуші секторға бағытталған инвестиция көлемі артып келеді.

Қазақстанның жаһандық рейтингтегі бұл орны елдің экономикалық әлеуеті нығайып, халықаралық сауда мен инвестиция жүйесіндегі маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →