Америкалық әнші Oliver Tree Бразилияда болған әуе апатынан қаза тапты, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең Рио-де-Жанейроның оңтүстік-батысындағы Рекрейу-дус-Бандейрантис ауданында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі тікұшақ әуеде соқтығысып, көлікке толы тұрақ аумағына құлаған.
Тікұшақтардың бірінде ұшқыш пен төрт жолаушы, ал екіншісінде тек ұшқыш болған. Апат салдарынан аман қалғандар жоқ.
32 жастағы Oliver Tree қаза тапқан алты адамның бірі болған. Бұл ақпаратты жергілікті полиция растаған. Құрбандардың арасында екі ұшқыш, аргентиналық ютубер Gaspi, аргентиналық клипмейкер Лукас Виньяле және бразилиялық музыкалық продюсер Лукас Бриту Шавис бар.
Oliver Tree, толық аты-жөні Оливер Три Никелл, Калифорниядан шыққан америкалық әнші, ән авторы, рэпер, продюсер және режиссер ретінде танылған. Ол ерекше сахналық образы, сондай-ақ «Life Goes On» және "Miss You" хиттері арқылы көпшілікке кеңінен танылды. 2020 жылы оның Ugly Is Beautiful атты дебюттік альбомы жарық көрген.
Әншінің әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар. Oliver Tree Рио-де-Жанейроға әлемдік турне аясында барған.