Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемге әйгілі боксшы Тайсон рингке қайта оралмақ

Әлемге әйгілі боксшы Тайсон рингке қайта оралмақ
Фото: ашықдереккөз

Фьюридің промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, боксшы қайтадан рингке шығуға дайындық үстінде.

«Онымен өткен аптада сөйлестім. Ол келесі жылы рингке қайта оралғысы келетінін және тағы бір жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Тайсон шын мәнінде спортқа қайта келгісі келеді», – деді Уоррен.

Қазір 36 жастағы Тайсон Фьюри кәсіби мансабында 34 жеңіс, 2 жеңіліс және 1 тең ойын нәтижесін көрсеткен. Ол кезінде WBC, WBO, IBO, WBA Super және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атанған.

Британдық боксшының соңғы жекпе-жегі 2024 жылдың желтоқсанында украиналық Александр Усикке қарсы өткен болатын. Сол кездесуде жеңіліс тапқан Фьюри кейін мансабын аяқтайтынын мәлімдеген еді.

Дегенмен, соңғы айларда ол қайта оралатынын бірнеше рет айтып, ықтимал қарсыластарының қатарында Энтони Джошуаның да есімін атаған.

Фьюридің нақты қашан және кіммен рингке шығатыны әзірге белгісіз, алайда оның жанкүйерлері "Цыган патшасының" қайта оралуын асыға күтуде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.