Америкалық рэпер YE яғни Канье Уэст Алматы әуежайына келді. Оны дәстүрлі билермен қарсы алды, деп хабарлайды kznews.kz.
Желіде YE-нің Қазақстанға келгені туралы видео пайда болды.
"Әуежайда музыкантты дәстүрлі билермен, сусындармен және жылы қонақжайлылықпен қарсы алды. Әртіске шынайы қазақы қарсы алу ұйымдастырылып, оны елдің мәдениеті мен дәстүрлерімен таныстырды", – деп хабарлады басылым.
Еске салайық, бұған дейін танымал америкалық рэпер Канье Уэст Қазақстанда алғаш рет концерт өткізетіні хабарланған еді. Әлемдік деңгейдегі рэпердің Алматыдағы концерті туралы ақпаратты Алматы әкімдігі де растады. Десе де кейін Канье Уэсттің Орталық стадиондағы концертіне қатысты “Қайрат” клубы наразылық білдірген. Себебі концертті ұйымдастырушылар клубпен іс-шараның өтетін күні мен оны өткізу мәселесін алдын ала келіспеген.
Кейінірек Канье Уэсттің концертіне байланысты "Қайрат" еурокубоктағы матчын басқа қалаға ауыстырғаны белгілі болды.