Голливуд жұлдызы халықаралық «Доспехи Бога 4: Ультиматум» (Armour of God: Ultimatum) фильмінің түсіріліміне қатысу үшін Маңғыстау облысына арнайы келген. Картинаның негізгі түсірілім алаңдарының бірі ретінде өңірдің ең көрікті орындарының бірі – Бозжыра шатқалы таңдалған, деп хабарлайды kznews.kz.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың айтуынша, мұндай ауқымды халықаралық жоба Маңғыстаудың туристік әлеуетін танытып, өңірге инвестиция тартуға және оның әлемдік деңгейдегі танымалдылығын арттыруға оң ықпал етеді.
Өз кезегінде Джеки Чан көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс айтып, Маңғыстаудың бірегей табиғаты болашақ фильмнің ең әсерлі көріністерінің біріне айналатынына сенім білдірді.
Айта кетейік, жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Фильмнің продюсерлік жұмысын қазақстандық Sәlem Entertainment компаниясы қолға алған.