Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдік футболдың басты трофейін Алматыға әкелмек

Әлемдік футболдың басты трофейін Алматыға әкелмек
Фото: ашық дереккөз

Алматы 26 қаңтар күні әлемдік футбол жанкүйерлерінің орталығына айналмақ. Бұл күні мегаполиске FIFA World Cup-тың түпнұсқа кубогы жеткізіледі. Әлем футболының ең басты рәмізін Қазақстан тұрғындары алғаш рет осындай жақын қашықтықтан тамашалау мүмкіндігіне ие болады, деп хабарлайды kznews.kz.

Футбол тарихындағы ең қастерлі трофей Қазақстанға арнайы ұйымдастырылған халықаралық тур аясында әкелінеді. Көрме Алматы қаласы әкімдігі мен Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен өтеді. Шараның мақсаты — бұқаралық спортты дамыту, жастардың футболға қызығушылығын арттыру және қала тұрғындарына әлемдік деңгейдегі іс-шараны өз көзімен көру мүмкіндігін ұсыну.

Бұл оқиғаны ерекше ететін жайт — күміс тостаған Алматыда бар болғаны бірнеше сағат қана болады. Сондықтан да футбол сүйер қауым үшін бұл — сирек кездесетін, тарихи маңызы зор мүмкіндік.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.