Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдегі ең биік ғимаратты найзағай соқты – видео

Әлемдегі ең биік ғимаратты найзағай соқты – видео

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

 828 метрлік ғимараттың шатырұшы найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді  

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Дубайда орналасқан әлемдегі ең биік ғимарат – Бурдж-Халифа мұнарасын найзағай соқты.

Оқиғаның видеосын Дубайдың мұрагер ханзадасы Шейх Хамдан бен Мохаммад бин Рашид Әл Мактум Twitter-дегі аккаунтында жариялады.

Айта кету керек, мұнараның шатырұшы (шпиль) найзағай тартқыш ретінде қызмет етеді.  

​Бурдж-Халифа – Дубайда салынған 828 метрлік зеңгір үй, ол әлемдегі ең биік ғимарат саналады. Нысан Біріккен Араб Әмірлігінде 2010 жылдың 4 қаңтарында салтанатты түрде ашылды.

Бұдан бұрын желіде Еуропадағы ең биік ғимараттардың бірі – Санкт-Петербордағы Лахта орталығына найзағай түскені жайлы видео жарияланған еді. Ғимараттың биіктігі 460 метрден асады.


sputniknews.kz
Автор
Жандос