Бұл ережеден тек үш қана ерекшелік бар: Ұлыбритания королі Карл III, сондай-ақ Жапония императоры Нарухито мен патшайым Масако, деп хабарлайды kznews.kz Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Германиялық TRAVELBOOK сайтының мәліметінше, британ монархы төлқұжатсыз саяхаттау артықшылығына мұрагерлік жолмен - анасы, патшайым Елизавета II қайтыс болғаннан кейін ие болған.
"Монархқа шетелге шығу үшін британдық төлқұжат қажет емес", - делінген корольдік отбасының ресми сайтында.
Кәдімгі төлқұжаттың орнына Карл III-ге арнайы құжат беріледі. Онда құжат иесін кедергісіз өткізу және оған қорғау мен қолдау көрсету туралы өтініш жазылған. Британдық корольдік отбасының қалған мүшелерінің барлығында кәдімгі төлқұжат бар.
Жапония императоры Нарухито мен императрица Масако да осындай ерекше мәртебеге ие.
Asienspiegel порталының жазуынша, 1971 жылдың өзінде-ақ үкімет император мен патшайымға төлқұжат беруді "мүлдем орынсыз" деп шешкен.
Сондай-ақ мәртебелі жандардың қарапайым азаматтар сияқты кіру процедураларынан өтуі "лайықсыз" екені түсіндірілген. Төлқұжаттың орнына оларда министрліктің тиісті құжаты болады. Дегенмен, Жапонияның Сыртқы істер министрлігі баратын елге сапар туралы алдын ала хабарлауы тиіс. Жапон императорлық отбасының басқа мүшелері үшін бұл ерекшелік қолданылмайды: олар дипломатиялық төлқұжаттармен саяхаттайды.
Басылымның жазуынша, шетелге шығу үшін төлқұжат тіпті Рим Папасына да қажет. Ол Ватикан мемлекетінің немесе өзі азаматы саналатын елдің қарапайым куәландырушы құжаттарымен сапарға шығады.
Қазақстандықтар 2026 жылы төлқұжатсыз қайда бара алатынын материалымыздан оқи аласыздар.