Танымал әнші Қайрат Нұртастың келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова «Әлем ханымы-2020» байқауында бас жүлдені жеңіп алды.
Қуанышты жаңалықты Әбдікәрімова желідегі парақшасында бөлісті.
«Сүйінші, Қазақ елі және мені қолдаған Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолстан, Ресейлік оқырмандар! Алланың қалауымен, халықтың қолдауымен “Әлем ханымы 2020” байқауының бас жүлдесі бізге бұйырды!!! Бұл жеңіс менікі емес, біздікі! Мақсатым - басыма тәж кию емес, көк туымды желбірету!» - деп жазды ол.