KZNews.kz
Спорт

Әлем чемпиондары елге оралды: жанкүйерлер әуежайда ерекше құрметпен қарсы алды

Ayzhan Sylanova
Фото: ашықдереккөз

Алматыда Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева, Назым Қызайбай, Елдана Тәліпова және Виктория Графева ел назарына ілікті. Ал елорда әуежайында Айбек пен Нұрбек Оралбай ағайындыларды, Санжар Тәшкенбайды, Бекзат Нұрдәулетовті, Сабыржан Аққалықовты, Сағындық Тоғамбайды және бас бапкер Қайрат Сәтжановты жанкүйерлер құшақ жая қарсы алды.

Ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай аса ауыр салмақта алғаш рет әлем чемпионы атанып, бұл жетістікті тарихи жеңіс деп бағалады. Ол Париж Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін 2028 жылғы ойындарда есе қайтаруға ниетті екенін айтты.

Санжар Тәшкенбай болса, оқу-жаттығу жиындарында қарсыластарын мұқият зерттеп, тактикалық дайындықтың жемісін көргенін жеткізді.

Айта кетейік, келесі әлем чемпионаты 2027 жылы Қазақстанда өтеді.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары