Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлем чемпионатының сенсациялық финалы: Испания Аргентинаны тақтан тайдырды

Әлем чемпионатының сенсациялық финалы: Испания Аргентинаны тақтан тайдырды
Фото: PA Media

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Испания құрамасы Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, өз тарихында екінші рет әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Шешуші кездесу АҚШ-тың Нью-Йорк агломерациясындағы Ист-Ратерфорд қаласында өтті. Негізгі уақытта екі команда да есеп аша алмай, матч қосымша уақытқа ұласты.

Кездесудің шешуші сәттерінің бірі негізгі уақыттың соңында тіркелді. 90+3-минутта Аргентина жартылай қорғаушысы Энцо Фернандес қызыл қағаз алып, командасын ойыншы кем қалдырды. Сан басымдығын тиімді пайдаланған Испания құрамасы шабуылдарын үдетіп, қосымша уақыттың 106-минутында жеңіс голын соқты. Гол авторы — шабуылшы Ферран Торрес.

Осылайша, жалғыз голдың арқасында испаниялықтар әлем чемпионатының бас жүлдесін жеңіп алды, ал Аргентина құрамасы күміс жүлдеге ие болды.

Ал үшінші орын үшін өткен кездесуде Англия құрамасы Францияны 6:4 есебімен жеңіп, қола медальді иеленді. Француз футболшылары турнирді төртінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, Испания құрамасы бұған дейін әлем чемпионатын тек бір рет — 2010 жылы Оңтүстік Африка Республикасында өткен мундиальда жеңіп алған болатын. 2026 жылғы жеңіс арқылы испандар әлем чемпионы атағын екінші мәрте еншіледі.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.