Жемқорлыққа нөлдік төзімділік: «Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясынан жауап келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Әлем аруын» автобус қағып қайтыс болды

«Әлем аруын» автобус қағып қайтыс болды

Аргентинадан шыққан алғашқы "Әлем аруы" Норма Компальо автобус қағып кетіп, көз жұмды. Бұл туралы Nacion-ға сілтеме жасап РИА Новости хабарлады.

Апат Буэнос-Айресте өткен бейсенбіде болған. Сауда үйінен шығып, бағдаршамның рұқсат етілген түсі жанған кезде жолды кесіп өтпек болған Компальоны тұтқиылдан автобус қағып кеткен.

Әйел ауруханаға жеткізіліп, жасанды комаға түсірілді. Алайда дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, ол бес күннен кейін қайтыс болды. Норма Компальо Лондонда өткен «Әлем аруы-1960» байқауында жеңіске жеткен. Ол осы атақты жеңіп алған Аргентинаның алғашқы тумасы болды.

21 жастағы ару мәртебелі атақтан бөлек, спорттық автокөлік пен қомақты ақшалай сыйлыққа ие болды.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары