Сағымбаев, Әрінов, енді Мырзахметов: күрделі міндет неге Мемлекеттік күзет қызметінен шыққан офицерлерге жүктеледі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Александр Вучич Сербия президенті қызметінен кетті

Александр Вучич Сербия президенті қызметінен кетті
Александр Вучич. Фото: Bastien Ohier / Hans Lucas / AFP via Getty Images

Сербия президенті Александр Вучич 27 қыркүйекте қызметінен кету туралы өтінішке қол қойды. Ол бұл шешімін алдағы кезектен тыс парламент сайлауына қатысу ниетімен түсіндірді. Сербия үкіметінің ресми хабарламасында Вучич сайлауға қарапайым азамат ретінде қатысқысы келетіні айтылған.

Вучич Белградтағы президент сарайында халыққа үндеу жасап, президенттік қызметін атқарған кезеңде бірқатар шешімде қателік жібергенін мойындады. Сонымен бірге өзіне екі рет сенім білдірген Сербия азаматтарына алғыс айтты. 

Енді мемлекет басшысының міндетін уақытша Сербия Ұлттық ассамблеясының төрағасы Ана Брнабич атқарады. Вучич президенттік өкілеттігін оған 28 қыркүйекте тапсыратынын мәлімдеді. Президент сайлауы желтоқсанның соңына дейін өтуге тиіс. 

Ал Сербиядағы кезектен тыс парламент сайлауы 25 қазанға белгіленген. Вучич осы сайлауға қатысып, премьер-министр лауазымына үміткер болмақ. 

Вучичтің айтуынша, заң оған президент қызметінде қала отырып сайлау науқанына қатысуға мүмкіндік берген. Алайда ол қызметінен кетуді әділ шешім деп санағанын жеткізді. Сондай-ақ бұрын өзін "тиран" деп сынаған саяси қарсыластары туралы айтып, олардың диалогқа бармағанын мәлімдеді. 

Александр Вучич Сербия президенті қызметін 2017 жылдан бері атқарып келген. Оның екінші президенттік мерзімі 2027 жылғы мамырда аяқталуы тиіс еді. Гардиан

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер