"МузАрт" тобының әншісі Сәкен Майғазиевтің ұлы Әділет пен оның жары Әдия әлеуметтік желіде қызықты видеолар түсіріп, парақшаларының қаралымын арттыруға кірісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жас жұбайлар кезекті видеоларының біріне Әділеттің анасы Динара Майғазиеваны да қатыстырған. Бейнежазбада үйден бірге шыққан ене мен келін көлікке мінер кезде алдыңғы орынға қатар ұмтылғаны көрінеді. Екеуі бір мезетте есік тұтқасына қол созғанымен, сәлден соң келін сыпайылық танытып, енесіне жол береді.
Осы сәтте видеоға "Сұлтан Сүлеймен" телехикаясының саундтрегі қосылып, көрініске әзіл-қалжың реңк береді.
Үшеуі де бұл видеоны әлеуметтік желіге жариялап, оқырмандарына "Алдыңғы орынға кім отыруы керек еді?" деген сұрақ тастады.