KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Алдымен су беріңдерші». Тоқаевқа өтініш айтқан баланың арманы орындалды (ВИДЕО)

KZNEWS

Қарағанды ​​облысы, Нұра ауданы, Шахтер ауылындағы музыкант бала Николай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа өтінішін айтқан еді. Бала жақында Қарағанды облысына іс-сапармен барған Президенттен су ішуге арналға кулер сұрады, деп хабарлайды Kznews.kz Skifnews.kzақпарат порталына сілтеме жасап.

"Мәдениет үйіне су ішетін кулер қойса екен", - дейді бала.

Желі қолданушылары баланың таза жүрегі мен арманына тәнті болды.
"Алдымен су беріңдерші" деді ғой", "Жаным-ау, тәттісін-ай", "Коляның арманы орындалған шығар", "Бақытты болу үшін көп нәрсенің қажеті жоқ", "Баланың жүрегі таза ғой", "Халқын ойлап айтқаны", - деп жазған олар.

Кейін журналист Әділ Балтабаев Николайдың арманы орындалғанын, Мәдениет үйіне кулер қойылғанын көрсетті.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары