Алдағы күндері елімізде күн жылынады
13.12.2018
00:58
0
38
Ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3...13°С-ке жоғарылайды.
Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды. Қазақстанға Ресейдің еуропалық бөлігінің оңтүстік аймағынан атмсофералық фронттармен қатар циклон жылжиды. Соған байланысты қар жаууы ықтимал. 13-15 желтоқсанда Қазақстан аумағында ауа температурасы жоғарылайды, бірақ тұман мен көктайғақ сол күйі қалады.
Ал, оңтүстікте - нөсер, қар аралас жаңбыр жауады және тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстік-шығыста плюс 3...13°С, солтүстік және шығыс облыстарда минус 3...13°С-қа дейін көтеріледі.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ