Өмір бойына сотталған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бес баласының тағдыры белгілі болды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты

Алакөлде екі гидроцикл соқтығысып, бір адам қаза тапты
Фото: Қонаев әкімдігі

Алакөл көлінде екі гидроциклдің соқтығысуынан бір адам көз жұмып, тағы бір адам жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz.

Жетісу облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 17 шілде күні болған. Алдын ала мәлімет бойынша, қозғалыс кезінде бір гидроцикл екіншісінің үстіне шығып кеткен. Әлеуметтік желідегі ақпаратқа сәйкес, апат кешкі сағат 21:00 шамасында болған.

Қазір оқиғаға байланысты Алакөл аудандық полициясы сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

ТЖД азаматтарға навигациялық шамдары жоқ шағын су көліктерімен түнгі уақытта суға шығуға тыйым салынатынын еске салып, қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Шомылу маусымы басталғалы бері Алакөлде қауіпсіздік ережелерін бұзғандарға қатысты 108 әкімшілік хаттама толтырылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.