KZNEWS.KZ
Қоғам

Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты (ФОТО)

• Айгерім Асылова
Фото: Видеодан скрин

Абай облысында Алакөл жағасында жыныстық қатынасқа түскен қыз бен жігітті бір топ ер адам соққыға жықты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиғаның видеосы жуырда әлеуметтік желіде жарияланды

Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, жүргізілген тексеру барысында әлеуметтік желіде жарияланған оқиғаның 2023 жылы болғаны анықталды.

«Тексеру нәтижесінде жанжалға қатысқан барлық азаматтың жеке басы анықталды. Қарау қорытындысы бойынша тараптардың бір-біріне қоятын талап-шағымы жоқ екені белгілі болды және олар жазбаша арыз беруден бас тартты», – делінген хабарламада.

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →