Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған

Алаяқтар «Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деп 16 млн теңге жинап алған

«Қазақмысқа» жұмысқа орналастырамын деген желеумен жасалған алаяқтық фактілері тергелуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлытау облысында азаматтарға «Қазақмыс» корпорациясына жұмысқа орналастырамын деп уәде еткен тұлғаларға қатысты 9 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Оның ішінде 6 іс сотқа жолданды. Тергеу барысында күдіктілер тұрғындардың сеніміне кіріп, жалпы сомасы 16 миллион теңгеден астам қаражатты иемденгені анықталды.

Алаяқтар жұмысқа орналастырамын деп алдын ала ақша алған, бірақ уәделерін орындамай, азаматтарға материалдық шығын келтірген.

Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды сақ болуға шақырады. Кез келген ұйымға жұмысқа орналасу тек ресми түрде, кадр қызметі арқылы жүзеге асырылады. Күмәнді ұсыныстарға сенбеуге және жеке қаражатты үшінші тұлғаларға бермеуге кеңес береміз. Егер алаяқтық фактілеріне тап болсаңыздар, дереу полицияға хабарласыңыздар.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.