KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Актриса Дариға Бадықова тосын мәлімдеме жасап, елді ойландырып тастады

• Қайсар Қанат
ашық дереккөзден. Суретте: Олжас Абай мен Дариға Бадықова

Белгілі актриса әрі продюсер Дариға Бадықова жаңа мәлімдеме жасап, жеке ойларын бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында "Таптым-ау сені" жобасының үшінші бөлімінен кейін жалғасы түсірілмейтінін ресми түрде жариялады. Оның айтуынша, шығармашылық топ бұл жобаны дәл осы тұста аяқтауды дұрыс деп шешкен.

"Таптым-ау сені-3" фильмінен кейін жалғасын түсірмейміз деп шештік. Қимаймын сені… Соңғы бөлімді әдемі аяқтағымыз келді. Киноға барыңыздар! Біз жаман кино түсірмейміз ғой", – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова көрермендерге арнап демалыс күндерін жақсы көңіл күймен өткізуге шақырып, фильмнің өмірге барынша жақын түсірілгенін атап өтті.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →