KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Ақтөбеде белгілі әнші әрі термеші өмірден өтті

• Қайсар Қанат

Өнер иесі ұзақ жылдар бойы Ақтөбе өңірінің мәдени өміріне белсенді араласып, ұлттық өнердің дамуына елеулі үлес қосқан.

Жәнібек Бекбосынов Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында солист болып қызмет атқарған. Ол түрлі концерттік бағдарламалар мен республикалық мәдени іс-шараларға қатысып, өнерімен көпшіліктің ықыласына бөленген.

Әншінің шығармашылық қоржынында эстрадалық туындылармен қатар, қазақтың халық әндері мен термелері де ерекше орын алды. Оның орындауындағы «Всё решают Небеса» және басқа да шығармалар тыңдарманға кеңінен танылды.

Жәнібек Бекбосынов жұбайы, әнші Лунара Бекбосыновамен бірге де сахнаға шығып, өнер көрсеткен. Ерлі-зайыпты өнерпаздардың орындауындағы «Ғашық жан» әні көрермендердің сүйікті туындыларының біріне айналған.

Марқұм ұстаздық қызметпен де айналысып, жас өнерпаздарға тәлім-тәрбие берген.

Сонымен қатар ол республикалық және халықаралық өнер байқауларының лауреаты атанып, түрлі шығармашылық конкурстарда қазылар алқасының құрамында жұмыс істеген.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →