Ақордада барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі талқыланды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев осыған байланысты Премьер-министр Олжас Бектенов және Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізді.
Ақорданың ресми мәліметінше, Мемлекет басшысы мәслихаттардың толыққанды жұмыс істеуі азаматтардың заңды мүдделерін қорғау, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін маңызды екенін атап өткен.
"Президент азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысы маңызды екенін айтты", – делінген ресми хабарламада.
Кездесу барысында Премьер-министр Олжас Бектенов пен Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесіне қатысты өз пікірлерін білдірген.
Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев айтылған ұсыныстар мен пікірлерді ескере отырып, бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім қабылдайтынын жеткізген.
Әзірге мәслихаттардың өкілетін мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі нақты шешім жарияланған жоқ.