KZNEWS.KZ
Қоғам

Ақмола облысында сертификаты жоқ стоматолог МӘМС есебінен 345 баланы емдеген

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Степногорск қаласының прокуратурасы балаларға заңсыз стомотологиялық қызметтер көрсетілгенін анықтады. Стамотологтың маман екенін дәлелдейтін тиісті сертификат болмаған, деп хабарлайды kznews.kz

“Аталған дәрігер 345 кәмелетке толмаған пациентке медициналық қызмет көрсеткені, ал көрсетілген қызметтер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қаражаты есебінен төленгені анықталды”, – деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Салдарынан мемлекетке дәл сол 2 569 792 теңге қайтарылды.

Тіс дәрігері жалған ем жүргізіп, медициналық сақтандыру қорынан 65,9 миллион теңгені заңсыз алғанОқыңыз

Еске сала кетейік, Павлодарда тіс дәрігерінің қабылдауынан кейін бала жансақтау бөліміне түсті. Оқиға туралы ақпарат 21 қазанда Павлодар қаласындағы Instagram пабликтерінің бірінде жарияланды. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →