Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Аккаунтыңыз қауіпте ме? Instagram-да ауқымды деректер ұрланды

Аккаунтыңыз қауіпте ме? Instagram-да ауқымды деректер ұрланды
Фото: Droidnews.ru

Instagram әлеуметтік желісінде ауқымды деректердің таралуы тіркелді. Киберқылмыскерлер платформаның 17,5 миллион қолданушысына тиесілі жеке ақпаратты заңсыз қолға түсірген. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап, Kznews.kz хабарлады.

Мәліметке сәйкес, ұрланған деректер қатарында аккаунт иелерінің пайдаланушы аттары, нақты тұрғылықты мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта адрестері және өзге де жеке мәліметтер бар. Компания бұл ақпараттың алаяқтық мақсатта, соның ішінде фишинг шабуылдары мен аккаунттарды бұзу үшін қолданылуы мүмкін екенін ескертті.

Notebookcheck порталының жазуынша, деректердің таралуы 2024 жылы орын алуы ықтимал. Алайда бұл ақпарат кең көлемде тек 2026 жылы ғана қолжетімді бола бастаған.

Қазіргі таңда Instagram қолданушылары аккаунт қауіпсіздігіне қатысты күмәнді әрекеттер туралы, соның ішінде құпиясөзді өзгертуге шақыратын ескертулер алып жатыр.

Ал Meta компаниясы аталған жағдайға байланысты ресми мәлімдеме жасап үлгермеді. Компания өкілдері деректердің шынымен тарағанын да, қауіпсіздік бұзылғанын да әзірге растаған жоқ.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда да кибершабуыл тіркеліп, білім беру саласындағы қызметкерлердің жалақысына қатысты мәліметтер ұрланғаны хабарланған болатын.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.