Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Әкімдіктер жерді беру тәртібін бұзып жатыр

Әкімдіктер жерді беру тәртібін бұзып жатыр

Әкімдіктер тарапынан жерді беру тәртібі бұзылып жатыр.

Бұл туралы «Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы» атты бизнесті қорғау жөніндені ІІІ форумда ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі кезде прокуратура органдары жер телімін беру мәселелерін тексеріп жатқандығына тоқталған ол: «Әкімдіктер тарапынан жерді беру тәртібі бұзылып жатыр, түрлі схемаларды іске асыруға тырысады. Жер учаскелері бойынша алып-сатарлық жағдайы белең алуда. Аукциондар жүргізілмейді. Ең тартымды деген учаскелер нақты адамдарға беріледі. Басқа кәсіпкерлер оны алу мүмкіндігінен қағылып келеді», - деді.

Оның сөзіне қарағанда, еліміз бойынша прокурорлық тексерулер кезінде конкурстарды айналып өтіп, тәртіпті бұзу арқылы жерді бөлудің 4 мыңға жуық жағдайы анықталған.

«Мәселен, Көкшетауда қадағалау актілері бойынша 26 коммерциялық учаске мемлекетке қайтарылды, бұл жер телімдері ертеректе аукционнан тыс берілген. Сонымен қатар, осы учаскелер белгіленген мақсатпен пайдаланылмаған. Қазіргі кезде оларды қызметіне адал қарайтын кәсіпкерлердің алуы мүмкіндігі бар», - деді ол.

Автор
Жандос