KZNews.kz
Қоғам

“Әкімдікте жұмыс істейді” - 16 жастағы қызды қорлағандар туралы тың деректер белгілі болды

Ayzhan Sylanova
Фото: orda.kz

Белгілі болғандай, 16 жастағы қызды алдап әкеткен күдіктілер оны ұрып-соғып, денесіне темекінің шоғын басқан. Сондай-ақ жәбірленушіні өзенге батырып, ар-намысына тиетін әрекеттер жасап, бейнежазбаға түсірген. Кейін сол видеоны жариялап жібереміз деп қорқытып, одан 3 миллион теңге талап еткен.

Қоғамдық резонанс тудырған оқиғаға қатысты құқық қорғаушылар мен «Немолчи» қоры да үн қатты. Қордың мәліметінше, күдіктілердің бірінің жергілікті әкімдік аппаратының қызметкері екені анықталған.

Қазіргі таңда екі әйел қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Orda.kz cайтының ақпаратына сүйенсек, Күдіктілердің бірінің жергілікті әкімдікте қызмет ететіні анықталды. Жәбірленушінің анасының айтуынша, жанжалдың шығуына қыз үшін талас себеп болған. Әйелдердің бірі өз жігіті 16 жастағы қызға хат жазғанын біліп, қызғаныштан осындай әрекетке барған. Алматы облысында 16 жастағы қызды екі әйел ұрлап, қорлық көрсеткен. Олар жасөспірімді көлікке отырғызып ұрып-соғып, ауылға апарып ағын суға батырып, мазақтаған. Ар-намысына тиетін әрекеттер жасап, бәрін бейнежазбаға түсірген. Кейін қыздан 3 млн теңге талап етіп, айтпасаңдар жариялаймыз деп қорқытқан.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары