KZNews.kz
Шоу-бизнес

әкімдік қаза болғандар туралы хабарлады

Әлихан

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты, өңір әкімдігі зардап шеккендер туралы мәлімет берді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз бен автобустың соқтығысуы салдарынан алдын ала деректер бойынша екі адам қаза болып, 9 адам зардап шеккен.

"Оқиға орнына қажетті көлемде жедел жәрдем көліктері мен тиісті сала басшылары жетті. Қарасай ауданының әкімі Жандарбек Далабаев оқиға орнында. Жақын маңдағы ауруханалар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр", - деп мәлімет берді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Әкімдіктегілер қосымша ақпарат толықтырылып берілетінін айтты.

Сондай-ақ төтенже жағдайлар комитеті хабарлағандай, Шамалған станциясындағы апатқа байланысты Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті жедел штаб құрды.

Айта кетсек, бүгін сағат 19:20 кезінде Алматы облысы Шамалған станциясында пойыз темір жол үстінде тұрған автобусқа соғылды.


sputniknews.kz
Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →