НҰР-СҰЛТАН, 20 сәуір – Sputnik, Дәурен Ерболат. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдерге әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, атқарылып жатқан жұмыстарды халыққа түсінікті тілмен жеткізуді тапсырған еді. Sputnik Қазақстан тілшісі облыс және республикалық маңызы бар қала басшыларының президент тапсырмасын әлеуметтік желілерде қалай орындап жатқанын білді.
"Әлеуметтік желілерден түскен өтініштерді қарап шықтым. Қыс кезінде арық жүйесінің дұрыс жұмыс істемей қалуына арызданатындар көп. Мердігерлерге қысқа уақытта мұны қатаң бақылауға алуды тапсырдым. Қала тұрғындары түсіністік танытып, кері байланыс орнатқаны үшін алғысымды білдіремін", - дейді Бауыржан Байбек әлеуметтік желідегі жеке парақшасында.
Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымовтың жеке парақшасын Facebook және Twitter әлеуметтік желісінен таба алмадық. Сөйтсек, шаһар басшысы Instagram желісінде отырады екен. Оның 35 мыңнан астам оқырманы бар.
Ғабидолла Әбдірахымовтың көпбалалы аналармен кездесіп жатқан сәті
"Көпбалалы аналармен кездесу осылай өтеді", - дейді қала әкімі жеке парақшасында.
sputniknews.kz
Республикалық маңызы бар қала әкімдері
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Бақыт Сұлтанов Facebook әлеуметтік желісінде белсенді, 5000 оқырманы бар. Таңертең ерте тұрып, қаланың тіршілігімен танысады. Әкімнің айтуынша, биыл бас шаһарда 13 мыңнан астам ағаш отырғызылады. Сонымен қатар бүгін Сұлтанов желі арқылы нұрсұлтандықтарға алдағы уақытта ауа-райының қолайсыз болатынын айтып, қалалық сенбіліктің кейінге қалдырылғанын ескертті. Алматы әкімі Бауыржан Байбек те көштен қалған жоқ. Ол Twitter желісінде жеке парақшасын ашқан. Бүгінде оның 1962 оқырманы бар. Президент тапсырмасынан кейін әкім де халықтың арызын әлеуметтік желі арқылы қабылдайтын болыпты.Сделал объезд по обращениям из соцсетей. Много нареканий на разрушившиеся за зиму арычные лотки. Поручил усилить контроль и в сжатые сроки исправить все за счет самих подрядчиков в рамках предусмотренных гарантийных обязательств. Благодарю горожан за понимание и обратную связь. pic.twitter.com/O0t3JuCccs
— Бауыржан Байбек (@BauyrzhanBaibek) 17 апреля 2019 г.