KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Әкім мен министр сахнадан шеттетті»: Роза Рымбаева неге үнсіз қала алмайтынын айтты (ВИДЕО)

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Қазақ эстрадасының аңызы Роза Рымбаева Тимур Балымбетовке берген сұхбатында бір кездері өзін сахнадан шеттеткен лауазымды тұлғалар болғанын ашық айтты, деп хабарлайды Kznews.kz Sn.kz-ке сілтеме беріп.

Әншінің айтуынша, ол әділетсіздікке көз жұма қарамайды және өз ойын ашық жеткізуге құқығы бар деп санайды. 

«Иә, ондай министр болды. Мен кейбір нәрселерге бей-жай қарай алмаймын. Мәселен ол жерде әділетсіз болса, көз жұма қарай алмаймын. Мен үлкен адаммын, кішкентай қыз емеспін ғой. Менің сахнада жүргеніме 50 жыл болды, жасым туралы айтпай-ақ қояйын. Мен өз жолымды тапқан ересек адам ретінде оған құқығым бар деп есептеймін. Неге мен өз пікірімді айтпай, бұғып қалуым мүмкін? Неге мен айтпауым керек? Мен ешкімді сырттай жамандап жатқаным жоқ, бәрін бетке айтамын, ондай адам ешкімге ұнамайды», — деді ол.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →