Jah Khalib, құлыптаулы телефондар және жабық афтерпати: Назарбаев Астанада ұлын үйлендірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Әкеміз өмір бойы ұрып-соғады»: Алматыда 20 жастағы қыз көмек сұрады

«Әкеміз өмір бойы ұрып-соғады»: Алматыда 20 жастағы қыз көмек сұрады
Фото: "Жаңа адамдар" баспасөз қызметі

Алматы қаласының 20 жастағы тұрғыны әкесінен ұзақ жыл бойы зорлық-зомбылық көргенін айтып, әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен көмек сұрады. Қыздың мәлімдеуінше, әкесі анасына және балаларына жүйелі түрде қол көтеріп келген, деп хабарлайды kznews.kz.

– Бала кезімнен, ес білгелі бері әкем қол көтеріп келді. Мені, анамды, кейде сіңлілерім мен інімді де ұрады, – делінген қыздың жазбасында.

Оның айтуынша, отбасы бұған дейін полицияға жүгінген. Ер адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылғанымен, ол белгіленген талаптарды бұзған. Қыздың жанайқайы әлеуметтік желіде кең тарап, достары мен бейжай қарамаған азаматтардың қолдауына ие болды.

Оқиғаға «Жаңа адамдар» қозғалысының «ЖОҚ» азаматтық науқаны араласты. Белсенділер қызбен кездесіп, жағдайдың мән-жайын анықтаған. Заңгер Нұрсұлтан Орынбековпен бірге тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша полицияға арыз түсіруге көмектескен. Өтініш құқық қорғау органдарында ресми тіркелді.

Қозғалыс өкілдері Қазақстанның Ішкі істер министрлігіне үндеу жасап, істі жан-жақты қарауды және қыз бен оның отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді сұрады.

– Бұл жағдай әлеуметтік желідегі кезекті жазба болып қалмауы тиіс. Ішкі істер министрлігінен өтінішті жан-жақты қарап, заңда көзделген барлық қорғау шараларын қабылдауды сұраймыз. Зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік жабық есіктің ар жағындағы жағдайды отбасының ішкі мәселесі деп қабылдауды тоқтатқан кезде ғана қалыптасады, – деді «Жаңа адамдар» өкілі Димаш Кенжалин.

Қозғалыс тұрмыстық зорлық-зомбылықтың кез келген көрінісіне қоғам бейжай қарамауы керектігін атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстанның Қылмыстық кодексінде денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу әрекеттері үшін жауапкершілік 108-1 және 109-1-баптарда көзделген. Сондай-ақ сталкинг пен некеге мәжбүрлеуге қатысты қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

Оқиғаның мән-жайы мен тараптардың мәлімдемелері құқық қорғау органдарының тексеруі барысында анықталады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.