Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың кіші қызы Айару әлеуметтік желіде әкесіне қатысты өз ойын айтып, оқырмандардың сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды ozgeris.info.
Айарудың айтуынша, ол бұрын әкесіне өте жақын болған, бірақ қазір олардың арасы алыстап кеткенін жасырмады.
"Мен анамның қызымын. Бірақ кішкентайымда әкеме көбірек жақын едім. Қазір олай емес. Шынымды айтсам, әкем туралы айтқанда көңіл күйім түсіп кетеді, бірақ жарайды", – деді Айару Тұрсынбекқызы.
Желі қолданушылары жас қыздың бұл сөздерін аянышпен қабылдап, оған жылы лебіздерін білдірді.
"Қыздары өте ақылды", "Кішкентай балаға ауыр жүк артып қою тек бізде ғана бар шығар", "Баланың жүрегін жаралайтынын неге ойламайды?" – деген пікірлер көп жазылды.